«Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ
|
![]() |
Мекенжайы: Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 2 шағын ауданы, 25 |
|
ТАМАҚТАНУҚашықтықта оқу барысында тамақты ұйымдастыру мәселесі. 2020 – 2021 оқу жылының қазан айында мектепішілік бақылау жоспарына сай оқушыларды тамақтанумен қамтамасыз ету бақылауға алынады. Мақсаты: асхана жалға алушылар және жалпыға бірдей білім беру қорынан әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға тамақтануды ұйымдастыру. Бақылау нысаны: МДС – 11 сынып оқушылары. Бақылау түрі: тақырыптық. Бақылау әдістері: құжаттарға сараптама жасау. 2020 – 2021 оқу жылының басында мектепте жалпы 190 оқушы болды. Қазан айында ата- аналар құрғақ тамақ беру үшін құжаттар пакетін жинай бастады. Осы тізімге келесі отбасылардан шыққан оқушылар кіреді:
Тегін тамақтануға оқушыны қою үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
Біріншіден тамақтану тізіміне қосу үшін ата-аналардан өтініш және толық қажетті құжаттары түседі. Құжаттардың толық пакетін жинағаннан кейін қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. Аталған отырыста аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тізімі әлеуметтік педагогпен ұсынылды және мектеп директорымен бекітілді. 2020-2021 оқу жылы пандемияға байланысты оқушылар қашықтық форматта оқиды. Сондықтан мектепте балалар тамақтанбайды. Қашықтан оқу барысында құрғақ тамақтарды «Дәмді» ЖШС үйлеріне жеткізіп таратып берды. Мектеп тарапынан оқушылардың мекен- жайы анықталып көмек көрсетілді. Тамақтанумен қамтылған оқушылардың сандық және пайыздық көрсеткіші:
Оқушыларды тамақтанумен қамтамасыз ету туралы ақпарат директор жанындағы отырыста қарастырылды. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету аясында 38 оқушыға тегін құрғақ тамақтар таратылып берілді. Тегін құрғақ тамақты бір оқушыға шаққанда 1-4 сынып аралығында сомасы 330 теңгені, 5-9 сынып аралығында 340 теңгені, 10-11- сынып аралығында сомасы 350 теңгені құрайды. Тегін ыстық тамаққа 2020 жылдың қараша мен желтоқсан аралығында 423720 теңге жұмсалды.
Орындаған: М. Б. Сагнаева Әлеуметтік педагог |
Объявление от Asia.kz: Кестелер Жаңалықтар 25. 12. 2020 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 18. 05. 2020 "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" 01. 03. 2020 «Алғыс айту күні» 18. 02. 2020 "Махаббат пен шығармашылық" 06. 02. 2020 "Жүрек жылуын сыйлаймыз" 03. 02. 2020 "Мейірімді жүрек" Реклама:
|
|||||||||||||||||||||||||||
| Мекенжайы: Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 2 шағын ауданы, 25 |