"Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай"

18. 05. 2020
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, оның тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде айқындалды. Бүгінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен қазақ және орыс тілдерінде тиісті бейне-дәріс әзірленді (https://www.youtube.com/watch?v=ZSM38Eh37YQ - қазақ тілінде, https:// www.youtube.com/watch?v=yfxV-s2Ym9U - орыс тілінде)."Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сағатына" Естай Есжанов атындағы №9 орта мектебінің 11 сыныбының 13 оқушысы бейне-дәрісті тыңдады. Осындай бейне - дәрістердің өскелең ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні зор екенін білеміз. Абай атамыздың қарасөздері, өлеңдері қазіргі таңда да өзекті болып табылады. Сондықтан да, біздің оқушыларымыз дәрістен өнеге, тәрбие алды деген сенімдеміз.

Мекенжайы: Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 2 шағын ауданы, 25
Тел.: +7 (714)-35-25009
Email: 9.jit@mail.ru
 

Пожаловаться на сайт